Электронды дауыс беру шарасын еліміздің техникалық тұрғыда ең жақсы дамыған аймақтарында жүзеге асыру қажет - ҚР Елбасы - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-7 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Электронды дауыс беру шарасын еліміздің техникалық тұрғыда ең жақсы дамыған аймақтарында жүзеге асыру қажет - ҚР Елбасы

Электронды дауыс беру шарасын еліміздің техникалық тұрғыда ең жақсы дамыған аймақтарында жүзеге асыру қажет - ҚР Елбасы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың пайымдауынша, электронды дауыс беру жүйесін пайдаланған сайлауды еліміздің техникалық тұрғыда ең жақсы дамыған аймақтарында, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар әкімшілік аумақтық бірліктердің жалпы санының 10 проценттен аспайтындай көлемін ғана қамти отырып жүзеге асыру қажет. Бұл туралы мемлекет басшысы бүгін, 1-қыркүйекте парламент палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзінде мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 1 Қыркүйек 2004
  • 670
Фото - Caravan.kz

«Осы мәселе төңірегінде қоғамда белең алған әңгімелерді ескеру қажет деп ойлаймын»,- деді Елбасы. Мемлекет басшысының пайымдауынша, электронды дауыс беру арқылы сайлау шарасы «коммуникациялық жүйесін «Қазақтелеком» тартып , қабылдап алған» өңірлерде ғана жүзеге асырылуы тиіс. «Бұл ретте ҚР Орталық сайлау комиссиясы еліміз азаматтарының жаппай сайлауға қатысу және сайлану құқығын жүзеге асыруды қамтамасыз етуі тиіс»,- деп шегеледі Елбасы.

Дегенмен, Н.Назарбаев «жаңа әдісті қолданысқа енгізу — сайлау барысындағы түрлі заң бұзушылықтардың алдын алудағы ең тиімді амалдардың бірі» дегенге сенім білдірді. «Жүйенің ең бір қолайсыз жері, бұрынғы сияқты , сайлау кезінде дауыс беретін бюллетеньге түрлі қолтаңбаларын қалдырып, пікір білдіретін әсершіл сайлаушылар өз көңіл-күйіне ерік бере алмайтын болды»,- деді Елбасы. «Қазақстандықтар үшін және отандық демократия үшін бұл үлкен шығын емес деп білемін»,- деді президент. «Мамандардың пайымдауынша, алдағы сайлауда қолданылғалы отырған электрондық бағдарламаның құпиясын ашу мүмкін емес, сайлау күнгі ақпарат сенімді қорғалады, оған сырттан араласып әсер етуге жол жабылған»,- деп сендірді президент.

Перейти к новостям спорта