«Бұл жүйе жан-жақты қауіпсіздік блогымен қамтамасыз етілген. Сол себепті оның әлдебір құрамдас бөлігі өзгере қалған күнде басқа бөліктері де өзгеретіндіктен, ондай жағдай бірден көзге түседі»,- деді ол. Б.Қанешевтің айтуынша, «ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган ретінде агенттік «Сайлау» жүйесіне қатысты техникалық қорытынды жасаған. Соған байланысты жүйенің барлық модульдері жан-жақты сарапталды»,- деді ол. «Жүйеге сырттан немесе іштей әсер ету мүмкін емес. «Сайлау» жүйесі нақты математикалық сандық модельге жататындықтан, сандық дерекқормен бірқатар параметрлері арқылы байланысады».