Электронды "Сайлау" жүйесін пайдалану барысында дауыс беру қорытындысын қолдан жасап бұрмалау мүмкін емес - ҚР ақпараттандыру және байланыс агенттігі - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Электронды "Сайлау" жүйесін пайдалану барысында дауыс беру қорытындысын қолдан жасап бұрмалау мүмкін емес - ҚР ақпараттандыру және байланыс агенттігі

Электронды "Сайлау" жүйесін пайдалану барысында дауыс беру қорытындысын қолдан жасап бұрмалау мүмкін емес - ҚР ақпараттандыру және байланыс агенттігі

Электронды "Сайлау" жүйесін пайдалану барысында дауыс беру қорытындысын қолдан жасап бұрмалау мүмкін емес. Бүгін, 17-мамырда мәжілісте "үкіметтік сағат" аясында баяндама жасаған ҚР ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы Біржан Қанешев осындай мәлімдеме жасады.

  • 17 Мамыр 2004
  • 1005
Фото - Caravan.kz

«Бұл жүйе жан-жақты қауіпсіздік блогымен қамтамасыз етілген. Сол себепті оның әлдебір құрамдас бөлігі өзгере қалған күнде басқа бөліктері де өзгеретіндіктен, ондай жағдай бірден көзге түседі»,- деді ол. Б.Қанешевтің айтуынша, «ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган ретінде агенттік «Сайлау» жүйесіне қатысты техникалық қорытынды жасаған. Соған байланысты жүйенің барлық модульдері жан-жақты сарапталды»,- деді ол. «Жүйеге сырттан немесе іштей әсер ету мүмкін емес. «Сайлау» жүйесі нақты математикалық сандық модельге жататындықтан, сандық дерекқормен бірқатар параметрлері арқылы байланысады».

Соңғы жаңалықтар