Электронды үкімет порталы заңды тұлғалар туралы ақпарат беруге кірісті - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Электронды үкімет порталы заңды тұлғалар туралы ақпарат беруге кірісті

Электронды үкімет порталы заңды тұлғалар туралы ақпарат беруге кірісті

Қазақстан электронды egov.kz порталындағы қызметтің жаңа түрі заңды тұлғалар туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді, деп еліміздің Байланыс және ақпарат министрлігінен хабарлады.

  • 21 Маусым 2011
  • 538
Фото - Caravan.kz

«Электронды үкімет порталынан тіркелген заңды тұлға, оның филиалы мен өкілдігі туралы анықтама алуға болады. Бұрын оны бірнеше күн күтуге тура келетін болса, еgov.kz порталы тиісті ақпарды жарты сағаттың ішінде береді», — делінген хабарламада.

Баспасөз мәлімдемесіне сүйенсек, анықтама алу үшін жүйеге: БИН, Салық төлеушінің тіркеу нөмірі немесе ұйымның атауын жүйеге енгізу қажет.
Қазіргі таңда электронды үкімет порталы 70-тен астам электронды қызмет түрлерін көрсетеді. Жыл басынан бері 3 млн астам анықтама берілген.

Соңғы жаңалықтар