Электронды үкіметтегі портал сәбилі болған ата-аналарды қағазбастылықтан босатады - kaz.caravan.kz
  • $ 459.75
  • 494.14
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Электронды үкіметтегі портал сәбилі болған ата-аналарды қағазбастылықтан босатады

Электронды үкіметтегі портал сәбилі болған ата-аналарды қағазбастылықтан босатады

Электронды үкімет порталы сәби дүнеге келген кезде ата-аналарды қағазбастылықтан босатады, олар ғаламтор арқылы сәбидің туу туралы куәлігін, мемлекеттік жәрдемақы туралы анықтама қағаз алып, бала туылғаннан кейін бірден оны балабақшаға тізімдей алады.

  • 30 Маусым 2011
  • 381
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «Bnews.kz» АА студиясында өткен дөңгелек үстел барысында «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жобалар тәжірибесі және сараптама департаментінің директоры Денис Леднев хабарлады.

Ол биыл электронды үкімет порталы арқылы 15 электронды қызметті жүзеге асыру көзделіп отырғанын хабарлады.

«Мысалға, бұрын бала дүниеге келген кезде туу туралы куәлік алу үшін өте көп құжаттар тізімін, кейін мемлекеттік жәрдемақы алу үшін де осы құжаттарды жинап, кейін баланы балабақшаға тізімге тұрғызу үшін де осы процедураны қайталау керек болатын. Енді бұл кешенді жолмен шешілетін қызмет болмақ. Сәби дүниеге келген кезде азамат порталға өтініш жазады, оған автоматты түрде туу туралы куәлік, мемлекеттік жәрдемақы алу туралы анықтама қағаз беріледі де бала автоматты түрде балабақша тізіміне қойылады», — деп мәлім етті Д.Леднев.

«Жұмыстың бәрі өте қарапайым атқарылады: ата-аналар порталға кіріп тіркеледі және бір рет өтініш береді. Ал қалған шаруаның барлығын жүйе автоматты түрде атқарады», — дейді ол.

Соңғы жаңалықтар