Электрондық шот-фактуралар енгізілетін болады - заң жобасы - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Электрондық шот-фактуралар енгізілетін болады - заң жобасы

Электрондық шот-фактуралар енгізілетін болады - заң жобасы

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

  • 7 Қараша 2012
  • 340
Фото - Caravan.kz

Аталған заң жобасы салық заңнамасының жекелеген нормаларын нақтылау және жетілдіру, әкімшілендірудің кейбір тетіктерін қайта қарау, сондай-ақ еліміздегі халықаралық салық жүйесін Кеден одағының кедендік заңнамасы ережелеріне сәйкестендіру мақсатында әзірленген.

Бұл ретте Елбасының тапсырмасына сәйкес, компаниялар жұмысының өнімділігі мен тиімділігін арттыруға, ақпаратты өңдеу шығындары мен оған жұмсалатын уақытты азайтуға мүмкіндік беретін, салықтық әкімшілендіруді жақсартуға ықпал ететін электрондық шот-фактуралар енгізу көзделеді. Бұдан бөлек, заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарына таратудың салықтық тексерісін жүргізбей, камералық бақылау нәтижелері негізінде таратудың оңайлатылған тәртібі белгіленеді. Сондай-ақ, салық есептілігін табыс етпейтін әрекетсіз салық төлеушілерді мәжбүрлеп таратудың арнаулы тетіктері енгізіледі.

Ал адал салық төлеушілер үшін салықтық тексеру нәтижелері туралы хабарламада көрсетілген, есепке жазылған салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу мерзімін кепілсіз және банк кепілдігінсіз күнтізбелік 36 айға дейінгі мерзімге өзгертуге мүмкіндік көзделген.

Сонымен қатар, бірқатар әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша ондай құқық бұзушылықты алғаш жасағандарға «ескерту» секілді жазалау шарасын енгізу қарастырылып отыр.

Соңғы жаңалықтар