Электрондық үкімет порталындағы жаңалықтар - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Электрондық үкімет порталындағы жаңалықтар

Электрондық үкімет порталындағы жаңалықтар

Бүгінгі күні Электрондық үкіметтің порталынан заңды тұлғаның, оның бөлімшесі немесе өкілдігі туралы анықтаманы тегін алуға болады.

  • 21 Маусым 2011
  • 516
Фото - Caravan.kz

Бұрын бірнеше күн күтетін ақпаратты енді www.egov.kz порталынан 30 минуттың ішінде ала аласыз, деп хабарлады Байланыс және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен.

Анықтаманы алу үшін жүйеге заңды тұлға туралы мәліметтерді: БСН, немесе ұйымның атауын, салық төлеушінің нөмірін немесе басшының аты-жөнін енгізу керек.

Бұған қоса, қазіргі уақытта eGov порталында жеке тұлғалардың заңды тұлғаға қатысы барлығы (жоқтығы) туралы анықтаманы тегін алуға болады. Ол үшін жеке тұлғаның ЖСН нөмірін білсеңіз жеткілікті.

Үкімет пен азаматтың делдалдарсыз, тікелей қарым-қатынас орнатуы Қазақстанның демократиялық қоғамы үшін қалыпты жағдай. Мемлекеттің ақпараттық технологияларды күнделікті өмірге енгізуі өз нәтижесін беруде: көптеген мемлекеттік қызмет көрсетулер кез келген қазақстандық үшін Интернет желісінде қолжетімді.

Қазіргі күні электрондық үкімет порталы 70 астам электрондық қызмет көрсетулер ұсынады, 2011жылдың басынан бері 3 миллионнан астам электрондық анықтама берілді.

Соңғы жаңалықтар