«Электрондық үкімет» жұмысы туралы ең үздік материалға байқау жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Электрондық үкімет» жұмысы туралы ең үздік материалға байқау жарияланды

«Электрондық үкімет» жұмысы туралы ең үздік материалға байқау жарияланды

«Зерде» Ұлттық инфокоммуникациялық холдингі» АҚ Байланыс және ақпарат министрлігінің қолдауымен 2011 жылдың 1 шілдесі мен 10 қараша аралығында «Электрондық үкімет» жұмысы тақырыбындағы ең үздік материалға журналистер арасында шығармашылық байқау жариялайды.

  • 7 Шiлде 2011
  • 747
Фото - Caravan.kz

Байқаудың мақсаты-баршаға ортақ іс — Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметінің» құрылуына өздерінің мақалаларымен үлес қосып жүрген ең үздік мақала авторларын анықтап, марапаттау.

Байқауға қатысушыларды іріктеу «Үздік телевизиялық материал», «Үздік баспасөз материалы», «Үздік желілік материал» сынды үш аталым бойынша жүргізіледі.

Сонымен қатар әр аталым жеңімпазына планшеттік компьютер табысталмақ.

Байқаудағы материалдарға қойылатын талаптарда мақаланың «электрондық үкімет» жұмысы туралы болуы керектігі, тақырыптың өзектілігі мен оқырмандар үшін маңыздылығы, тақырыпқа тың (креативті) көзқарас, жарияланған материалда халықаралық тәжірибе мен статистикалық мәліметтерді пайдалану, келтірілген деректер мен цифрлардың нақтылығы, ақпарат алу мақсатында сұхбат берушілер саны үштен кем болмауы көрсетілген. Сонымен қатар материалдың баспасөз бен интернетте жариялануы, телевизиялық эфирден міндетті түрде берілуі және байқауға ұсынылған материалдардың скан-нұсқасын, материалға сілтеме көрсету, видеоматериал (телевизиялық материал үшін) қосымша тапсыру қажеттілігі де көрсетілген.

Байқаудың қазылар алқасы мүшелері қатарында ҚР Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев, «Зерде» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Измайлов, «ҰАТ» АҚ Басқарма төрағасы Руслан Еңсебаев, «Егемен Қазақстан» АҚ президенті Сауытбек Абдырахманов, «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ләззат Танысбай, Халықаралық конкурстың «Телевизия» аталымы бойынша «Үздік кәсіп иесі» аталымының жеңімпазы Александр Трухачев, «КТК» телеарнасының тілшісі Александр Журавлев, «Казахстанская правда» газетінің тілшісі («Баспа БАҚ» номинациясы бойынша 2008, 2009 жж. жеңімпазы) Светлана Антончева, «Tengrinews.kz» ақпараттық порталының ақпараттар қызметінің жетекшісі Айбек Алдабергенов бар.

Барлық жұмыстар электрондық нұсқада mci.press@mci.gov.kz Этот e-mail защищен от спам-ботов. Для его просмотра в вашем браузере должна быть включена поддержка Java-script электрондық адресіне «ҚР электронды үкіметінің жұмысы туралы дайындалған үздік материалдар конкурсына» деген атаумен қабылданады.

Соңғы жаңалықтар