Бұл туралы Алматы Полиция департаменті мәлімдеді, деп жазды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, жаңа норма стандарттары әзірленген. Ол бекітілгеннен кейін жол жүру ережесіне өзгерістер енгізіледі. Электрсамокаттарға қатысты заңбұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылады.
"Заңнамалық деңгейде электрсамокаттардың көлік құралы ретіндегі мәртебесін анықтау қажеттілігі туындады. Тиісінше, электрсамокат тебетіндер жол қозғалысына қатысушылар ретінде анықталып, құқықтар да, міндеттер де қарастырылады.
Қазір стандарт әзірленді, болашақта жол ережесіне өзгерістер енгізіледі. Олар енгізілген бойда бұл Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске де әсер етеді", — деді Алматы қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.