Элвис Преслидің сағаты, Курт Кобейннің гитарасы және Джек Воробейдің компасы сатылымға түседі - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Элвис Преслидің сағаты, Курт Кобейннің гитарасы және Джек Воробейдің компасы сатылымға түседі

Элвис Преслидің сағаты, Курт Кобейннің гитарасы және Джек Воробейдің компасы сатылымға түседі

Лондонда танымал адамдарға тиесілі болған жәдігерлерді сатылымға шығарудың жаңа маусымы басталды.

  • 19 Қараша 2012
  • 476
Фото - Caravan.kz

Мадоннаның корсеті, Элвис Преслидің алтын сағаты, Курт Кобейннің сынық гитарасы, Джек Воробейдің компасы және көптеген басқа да құнды заттар Ұлыбритания астанасында өтетін Christies аукционында сатылады.

Nirvana-ның «Smells Like Teen Spirit» әнінің клипі кезінде Курт Кобейн сындырған гитара үшін 24-40 мың доллар алу көзделген.

Бұл бас-гитараны Nirvana-ның басисті Крист Новоселич 1991 жылы клиптің түсірілімі үшін арнайы сатып алған. Сондықтан топ мүшелері онда ойнағаны, не ойнамағаны белгісіз.

Бәссауданың топ-лоттарының бірі Мадонның танымал сахналық костюмі — белгілі дизайнер Жан-Полем Готьенің қолынан шыққан корсеті болмақ. Әнші 1990 жылы әлемдік турне барысында өнер көрсеткен корсеттің құны 10-15 мың фунд стерлингке (16-24 мың доллар) бағалануда.

Сауданың ең қымбат лоты Disney студиясының ең алғашқы мультфильмдерінің бірі — «Пиноккиоға» арнап салынған Густаф Тенгреннің суреті болады. Ол 72,3 мың долларға бағаланып отыр. Кино реквизиттерінен аукционға сондай-ақ, Индиана Джонстың қамшысы және Джек Воробейдің компасы шығарылады.

Саудаға барлығы 160 құнды жәдігер қойылады. Аукцион 29 қараша күні Лондонда өтеді.

Соңғы жаңалықтар