Эмир Байғазиннің «Үндестік сабақтары» Сан-Паулу халықаралық кинофестивалінің бас жүлдесін жеңіп алды
Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ-ның картинасы Бразилиядағы 37-інші Сан-Паулу халықаралық кинофестивалінің бас жүлдесімен оралды. 1977 жылдан бері дәстүрлі түрде жыл сайын өтіп келе жатқан бұл додада биыл кинорежиссерлерден филиппиндік Лав Диас, австриялық Ханс Вайнгартнер, белорус Сергей Лозницы, бразилиялық Моники Гарденберг пен кинооператор Сесар Чарлоне төрелік жасаған болатын. Эмир Байғазиннің «Үндестік сабақтарын» қазылар алқасы ең үздік фильм деп таныды.