Энергетика министрі Болат Ақшолақов АЭС салынатын өңірді айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
"Егер қуат жағынан тура келсе АЭС-ті Балқаштың немесе Курчатовтың жанында салуды ойлап отырмыз. Балқашта салынатын шығар", — деді Ақшолақов.
Ол бұл аумақтың Кеңес Одағы кезінен бері атом электр станциясының орны ретінде зерттеліп келгенін айтты.
"Осы өңірлерді осы жылдар бойы бақылап отырдық", — деп түйіндеді министр.