«Мен жанар-жағармайды жеткіліксіз көлемде жеткізген компанияны тікелей өз бақылауыма аламын , олар жетпеген жанармайды толықтырып береді»,- деді ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі.
Мәжілістің экономикалық реформалар және даму жөніндегі комитетінің төрайымы Вера Сухорукова кем жеткізілген жанармайды өтетіп алу жеткіліксіз екенін атап өтті. Оның пікірінше, ақшасы төленген дүниені заңсыз пайдаланғаны үшін қылмыстық іс қозғау мақсатымен іс материалдары құқық қорғау мекемелеріне табыс етілуі тиіс.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, сонау тамыз айында алдын-ала төлем ретінде 17 млн. теңге аударғанына қарамастан, «Арна Петролеум» фирмасы Оңтүстік Қазақстан облыстық дихандарға арзан бағаға жалпы алғанда 11 мың тонна мұнай өнімдерін бермеді. Оның 5 мың тоннасы көктемде берілмей қалса, күзде 6 мың тоннасы кем берілді.