Энергетика министрі Шымкент мұнай өңдеу зауытын мемлекеттің бақылауына қайтаруға мүмкіндік бар деп сенеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Энергетика министрі Шымкент мұнай өңдеу зауытын мемлекеттің бақылауына қайтаруға мүмкіндік бар деп сенеді

Энергетика министрі Шымкент мұнай өңдеу зауытын мемлекеттің бақылауына қайтаруға мүмкіндік бар деп сенеді

ҚР энергетика және минералды ресурстар министрі Владимир Школьник Шымкент мұнай өңдеу зауытын мемлекеттің бақылауына қайтаруға мүмкіндік бар деп сенеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 21 Қазан 2005
  • 380
Фото - Caravan.kz



«Қазір біз PetroKazakhstan компаниясындағы , соның ішінде Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы өз үлесімізді қайтару үшін күрделі келіссөздер жүргізіп жатырмыз және оны қайткенде нәтижеге жеткіземіз»,- деді парламенттік тыңдауға қатысқан министр.
«Сонымен бірге біз Павлодар мұнай өңдеу зауытына да ықпал жүргізу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Бұл нарыққа әсер етудің бір алғышарты»,- деді министр.
Энергетика министрінің пайымдауынша, «мемлекет біраз қаржы жинақтап алған қазіргі сәтте бұрынғы меншікті қайтарумен бірге отандық резиденттердің қаржысын тиімді жобаларға салуға тырысу керек». Бірақ меншікті «заңды жолмен қайтарудың маңызы зор»,- деді В.Школьник. «Біз жұмысты осы бағытта жүргізіп жатырмыз»,- деп сендірді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта