Энергетика және минералды ресурстар министрі әкімдіктерден қыс маусымында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын қамтамасыз етуге қажетті мазут көлемін айқындауды сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.03
  • 521.44
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Энергетика және минералды ресурстар министрі әкімдіктерден қыс маусымында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын қамтамасыз етуге қажетті мазут көлемін айқындауды сұрады

Энергетика және минералды ресурстар министрі әкімдіктерден қыс маусымында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын қамтамасыз етуге қажетті мазут көлемін айқындауды сұрады

Астана. 24 қараша. "Қазақстан бүгін" - ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев әкімдіктерден қыс маусымында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын қамтамасыз етуге қажетті мазут көлемін айқындауды сұрады. Ол бұл жайлы бүгін үкімете өткен селекторлық жиында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 24 Қараша 2008
  • 437
Фото - Caravan.kz

«Мазуттың бір тоннасының бағасы 27 мың теңгеге дейін азайтылды, бірақ өндірілген көлемнің 22% ғана сатып алынған, бұл мұнай өңдеу зауыттарында өнімнің жиналып қалуына алып келеді. Егер аталған 800 мың тонна көлем алынбаса, компаниялар мазутты экспортқа шығармақшы. Біз алатын көлемді қысқарту туралы жазбаша хабарландыру немесе қандайбір мәлімдеме алғымыз келеді. Ондай жағдайда артық көлемді ұстап отырмай экспортқа шығарар едік. Ал мұнай өңдеу зауыттарындағы резервуарларда 5-6 тәуліктік қана көлем қалды. Бұдан кейін көлемді сақтап отыру мүмкін болмай қалады», — деді С. Мыңбаев.

Сонымен бірге Энергетика және минералды ресурстар министрі мазут бағасы төмендетілуге байланысты бұған дейін Жамбыл ГРЭС-іне беруге уәде етілген бюджеттік субсидиялардың көлемі біршама азайтылады деді. «Біз қалған 1,5 млрд теңге субсидияны ЖГРЭС-ке бермейтін шығармыз, сонымен бірге қараша айына есептеулер қайта жасалып, бұл станцияға бұырн аударылған 700-800 млн теңгені біз бюджетке қайтарамыз. Бюджеттің осы бөлігінің орындалмағаны жөнінде хабардар еткіміз келеді», — деді министр.

Өз кезегінде үкімет басшысы Кәрім Мәсімов оны «бюджеттің осылайша орындалмай қалуы жақсы болғанын» атап өтті.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, С. Мыңбаев министрлік мазут өндірушілермен еліміздегі әлеуметтік-коммуналдық нысандарға 800 мың тонна мазут жеткізу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізгенін айтты. «Шілде айында мазуттың 1 тоннасының бағасы 48 мың теңге, ал нарықтық бағасы тіпті 75 мың теңге болды. Қазіргі уақытта баға 27 мың теңгеге дейін төмендетілді. Сөйтіп, мазуттың 1 тоннасының бағасы 40 пайызға арзандады», деді С. Мыңбаев. Сонымен қатар, «жер қойнауын пайдаланушылар мазутқа арналған баж салығын 1 тоннасы үшін 82,2 долларға дейін төмендету мәселесін қарастыру жөнінде ұсыныс білдірді. Бұл келісілген, бұл жерде айтарлықтай проблема жоқ», деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті