Оның айтуынша, министрлік пен жер қойнауын пайдаланушылар арасында қол қойылған меморандумға сәйкес, егер еліміздің ішкі нарығы мазутпен толық қамтамасыз етілген жағдайда, мазутты экспорттауға қойылған шектеуді алып тастау мәселесінің қарастырылуы мүмкін екендігі айтылған.
С. Мыңбаев министрлік мазут өндірушілермен еліміздегі әлеуметтік-коммуналдық нысандарға 800 мың тонна мазут жеткізу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізгенін айтты. «Шілде айында мазуттың 1 тоннасының бағасы 48 мың теңге, ал нарықтық бағасы тіпті 75 мың теңге болды. Қазіргі уақытта баға 27 мың теңгеге дейін төмендетілді. Сөйтіп, мазуттың 1 тоннасының бағасы 40 пайызға арзандады», деді С. Мыңбаев. Сонымен қатар, «жер қойнауын пайдаланушылар мазутқа арналған баж салығын 1 тоннасы үшін 82,2 долларға дейін төмендету мәселесін қарастыру жөнінде ұсыныс білдірді. Бұл келісілген, бұл жерде айтарлықтай проблема жоқ», деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті