Баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесу барысында Б.Ізмұхамбетов мұнайгаз саласындағы ағымдағы ахуал, Қазақстан-АҚШ-Ресей үш жақты ынтымақтастығының келешегі мен проблемалары туралы талқылады.
Кездесу барысында тараптар Транскаспий мұнай- және газ құбырының әлеуеті, Қазақстанның каспий транспорттық жүйесі, Каспий құбыр консорциумының жұмысы, Қазақстаннан Қытайға бағытталатын мұнай- және газ құбырлары, Қазақстан мен АҚШ арасындағы мұнайгаз саласындағы ынтымақтастықтың мүмкіндіктері туралы талқылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті