Энергетика және минералды ресурстар министрлігі жанар-жағармай өндірушілермен ішкі нарықтағы бағаны төмендету туралы меморандумға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Энергетика және минералды ресурстар министрлігі жанар-жағармай өндірушілермен ішкі нарықтағы бағаны төмендету туралы меморандумға қол қойды

Энергетика және минералды ресурстар министрлігі жанар-жағармай өндірушілермен ішкі нарықтағы бағаны төмендету туралы меморандумға қол қойды

Астана. 3 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Энергетика және минералды ресурстар министрлігі жанар-жағармай өндірушілермен ішкі нарықтағы бағаны төмендету туралы меморандумға қол қойды. Соның нәтижесінде Қазақстанда таяу уақытта жанар-жағар майдың бағасын төмендету көзделіп отыр. Бұл туралы 1 қарашада өткен үкімет отырысында Энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 3 Қараша 2008
  • 562
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, министрлік пен жер қойнауын пайдаланушылар арасында қол қойылған меморандум бойынша мұнай бағасының арзандауына байланысты ішкі нарықта жанар-жағар майдың бағасын айтарлықтай төмендету мәселесі қарастырылған. «А 80 маркалы 1 литр бензиннің республика бойынша ағымдағы орташа бағасы 84,5 теңге, біз оның бағасын 60 теңге болады деп келістік. АИ 92 және АИ 93 маркалы бензиннің 1 литрінің қазіргі бағасы 96,1 теңге, алдағы уақытта бұл 87 теңге болады. Ал, АИ 95 және АИ 96 маркалы бензиннің 1 литрінің бағасын ағымдағы 109 теңгеден 100 теңгеге төмендету көзделіп отыр», деді министр. Сондай-ақ қысқы дизельдік отынның 1 литрінің бағасы 118 теңгеден 94 теңгеге арзандайтын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар