Энергетикалық саясат жөніндегі кеңеске қатысушылар ЕурАзЭҚ елдеріне мемлекетаралық консорциум құру туралы мәселені пысықтауды ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Энергетикалық саясат жөніндегі кеңеске қатысушылар ЕурАзЭҚ елдеріне мемлекетаралық  консорциум құру туралы мәселені пысықтауды ұсынды

Энергетикалық саясат жөніндегі кеңеске қатысушылар ЕурАзЭҚ елдеріне мемлекетаралық консорциум құру туралы мәселені пысықтауды ұсынды

Душанбе қаласында ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінің жанындағы Энергетикалық саясат жөніндегі кеңестің төртінші отырысы аяқталды. Оған Тәжікстан, Ресей, Беларусь, Қазақстан және Қырғызстан республикаларының бірқатар энергетикалық мекемелерінің басшылары мен өкілдері қатысты. Жиналысқа қатысушылар ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің энергетикалық жүйелерінің біртұтас энергетикалық рынок қалыптастыру бағытындағы өзара ықпалдастығын одан әрі тереңдетуге қатысты мәселелерді талқылады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 7 Қараша 2003
  • 951
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, отырысқа қатысушылар электр қуаты, мұнай, көгілдір отын және көмір рыногін дамыту, олардың жұмыс істеуіне жағдай жасау, басқару және ұйымдастыру тәртіптерін, энергетикалық нысандарды бірлесе салу, біртұтас жылу-энергетикалық баланс жобасын жасау тәртіптерін анықтады. Сондай-ақ, Ресейдің электр қуатын ірі импорттаушы ретінде Орталық Азия рыногінде пайда болуы жалпы ЕурАзЭҚ аясында Орталық Азияның су-энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану проблемасын шешуге мүмкіндік беретіндігі айтылды.

Бас қосуға қатысушылар ЕурАзЭҚ елдері арасында электр қуатын тасымалдау шарттары және ұйымға мүше елдер арасында тасымалданатын электр қуатын кедендік рәсімдеуге қатысты хаттамалар жобасын қарады. Бұл құжаттарды қабылдау электр қуатын кедендік рәсімдеу және бақылау процедураларын жеңілдетуге, электрэнергетикалық балансты тиімді пайдалануға және мемлекеттер арасындағы электр қуаты саудасын арттыруға түрткі болмақ. Энергетикалық саясат жөніндегі кеңес ЕурАзЭҚ елдеріне мемлекетаралық консорциум құру туралы мәселені пысықтауды ұсынды. Бұл консорциум Орталық Азия аймағындағы су-энергетикалық диспетчер ролін атқару жөннідегі құзыретке ие болмақ. Бұл — ашық құрылым болатындықтан оған Түрікменстан мен Өзбекстан да біріге алады.
Сондай-ақ, кеңеске қатысушылар Тәжікстандағы Сангтудин су электр станциясы мен Қырғызстандағы Қамбар ата су электр станцияларын бірлесіп салу жөніндегі хаттаманы қабылдады. Екі республиканың атқарушы мекемелеріне аталмыш нысандардың құрылысын қаржыландыру тәртібі туралы ұсыныстарды 2004-жылдың 1-қаңтарына дейін енгізу жөнінде ұсыныс жасалды.
Сондай-ақ, отырыс барысында электр энергетикасы саласына қатысты бұлардан басқа да бірқатар шешімдер қабылданды. Энергетикалық саясат жөніндегі кеңестің бесінші отырысын 2004-жылдың сәуір айында өткізу ұйғарылды. Әзірге кеңес өткізетін орын нақтыланған жоқ.

Соңғы жаңалықтар