Энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін Душанбеде өтетін ШЫҰ Іскерлік кеңесі басқармасының отырысына қатысушылар талқылайды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін Душанбеде өтетін ШЫҰ Іскерлік кеңесі басқармасының отырысына қатысушылар талқылайды

Энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін Душанбеде өтетін ШЫҰ Іскерлік кеңесі басқармасының отырысына қатысушылар талқылайды

Алматы. 19 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін Душанбеде өтетін ШЫҰ Іскерлік кеңесі басқармасының отырысына қатысушылар талқылайды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-Плюс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

  • 19 Тамыз 2008
  • 377
Фото - Caravan.kz

ШЫҰ Іскерлік кеңесі басқармасы мен ШЫҰ Банкаралық ынтымақтастығы кеңесінің отырыстары Тәжікстанда аталмыш ұйымға мүше мемлекеттердің басшыларының саммиті қарсаңында болады.

Тәжікстанның Сауда-өнеркәсіп палатасының хабарлауынша, ШЫҰ Іскерлік кеңесі басқармасының отырысы Душанбеде 26 тамызда болады. Кездесу барысында қатысушылар энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін, туризмді дамыту, сондай-ақ, ауыл шаруашылық проблемаларын талқыға салады деп күтіліп отыр.

Тәжікстанның «Амонатбанк» мемлекеттік жинақ банкінің хабарлауынша, ШЫҰ Банкаралық ынтымақтастық кеңесінің отырысы Ходжентте 24-27 тамыз аралығында өтеді. Отырысқа қатысушы ШЫҰ елдерінің банк мекемелерінің өкілдері банк мекемелері арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылайтын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар