ШЫҰ Іскерлік кеңесі басқармасы мен ШЫҰ Банкаралық ынтымақтастығы кеңесінің отырыстары Тәжікстанда аталмыш ұйымға мүше мемлекеттердің басшыларының саммиті қарсаңында болады.
Тәжікстанның Сауда-өнеркәсіп палатасының хабарлауынша, ШЫҰ Іскерлік кеңесі басқармасының отырысы Душанбеде 26 тамызда болады. Кездесу барысында қатысушылар энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін, туризмді дамыту, сондай-ақ, ауыл шаруашылық проблемаларын талқыға салады деп күтіліп отыр.
Тәжікстанның "Амонатбанк" мемлекеттік жинақ банкінің хабарлауынша, ШЫҰ Банкаралық ынтымақтастық кеңесінің отырысы Ходжентте 24-27 тамыз аралығында өтеді. Отырысқа қатысушы ШЫҰ елдерінің банк мекемелерінің өкілдері банк мекемелері арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылайтын болады.