"Энергия" корпорациясының президенті ҚР үкімет басшысына елімізде спутник өндіретін бірлескен кәсіпорын құру жөніндегі бағдарламаны таныстырды - kaz.caravan.kz
  • $ 439.43
  • 473.31
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
8 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Энергия" корпорациясының президенті ҚР үкімет басшысына елімізде спутник өндіретін бірлескен кәсіпорын құру жөніндегі бағдарламаны таныстырды

"Энергия" корпорациясының президенті ҚР үкімет басшысына елімізде спутник өндіретін бірлескен кәсіпорын құру жөніндегі бағдарламаны таныстырды

Бүгін, 10-қазанда Ресейдің зымырандық-ғарыштық "Энергия" корпорациясының президенті әрі бас конструкторы Юрий Семенов ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметовқа елімізде әмбебап ғарыштық платформа негізінде спутник өндіретін бірлескен кәсіпорын құру жөніндегі бағдарламаны таныстырды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 10 Қазан 2003
  • 456
Фото - Caravan.kz

Елімізде ғарыштық телекоммуникациялар жүйесі саласында жоғарғы технологияларды қолданысқа енгізуге мүмкіндік беретін бұл жоба аясында жерден ұшуларды басқару кешенін, сондай-ақ, телеайлақ пен ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталығын құру, еліміздегі телекоммуникациялық инфрақұрылымды жаңалауға техникалық қолдау көрсету, сондай-ақ, қазақстандық мамандарды ғарыштық аппараттарды жобалау, жасау, сынақтан өткізу және ұшыру әдістемесіне оқыту көзделіп отыр.

Д.Ахметовтың пайымдауынша, Қазақстанға өзіндік спутниктік байланыс және хабар тарату жүйесі қажет. Алайда, бұл бағыттағы кең ауқымды жобаны жүзеге асыруға кіріспес бұрын өзіндік мамандарымызды әзірлеп, еліміздің мүддесіне сәйкес спутниктерді пайдаланатын салаларды анықтау қажет. Атап айтсақ, ол республикамыздың министрлік және мекеме басшыларының назарын спутниктерді Каспий аймағы мен шекаралық аумақтарды зерттеу, ауылшаруашылығы саласындағы зерттеулерді жүзеге асыруда пайдалану мүмкіндігіне аударды.
Д.Ахметов ҚР көлік және коммуникация министрлігі мен аэроғарыш комитетіне ұлттық спутник жасау жөніндегі ұсыныстың барлық баламалық варианттарын бір айдың ішінде қарап, бұл мәселені үкіметтің қарауына ұсынуды тапсырды. Сондай-ақ, ол ғарыштық бағдарлама бойынша Қазақстанның болашақ әріптесі ұлттық мамандарды әзірлеуге қолұшын беріп, жобаға Қазақстанды артық үлеспен қатыстыруы тиіс екенін атап көрсетті.

Соңғы жаңалықтар