Эрдоған Түркияда мерзімінен бұрын президент сайлауы өтетінін жариялады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Эрдоған Түркияда мерзімінен бұрын президент сайлауы өтетінін жариялады

Эрдоған Түркияда мерзімінен бұрын президент сайлауы өтетінін жариялады

Түркияда президенттік және парламенттік мерзімінен бұрын сайлау 24 маусымда өтеді. Бұл туралы 18 сәуірде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ұлтшыл Қозғалыс партиясының төрағасы Девлет Бахчелимен өткен кездесуден кейін мәлімдеді.

  • 19 Сәуiр 2018
  • 12
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Baq.kz ақпарат агенттігі kapital.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Бұған дейін Бахчели Түркияда мерзімінен бұрын сайлау өткізуді талап еткен болатын. Ал Режеп Тайып Ердоған әрдайым дауыс беру жоспарланған уақытта, 2019 жылдың 3 қарашасында өтетінін айтатын. Бұл жолы үкімет күтпеген жерден президент одақтасының талабын орындау туралы шешім қабылдады. Дегенмен, сайлау уақытын өзгерту туралы түпкілікті шешімді сайлау комиссиясы қабылдауы тиіс.

Сонымен қатар, Эрдоған көрші Сирия мен Иракта болған жағдайларға байланысты мерзімінен бұрын дауыс беру қажеттігін айтты.

Түркиядағы ең ірі оппозициялық «Республикалық халықтық партиясы» мен күрдтерге жақтас «Халықтар демократиясы партиясы» мерзімінен бұрын өтетін парламенттік сайлауға қатысуға дайын екендігін білдірді. Өз кезегінде, Режеп Тайып Эрдоған өз кандидатурасын президенттік сайлауға қайта ұсынуға ниетті. Жеңіске жеткен жағдайда, мемлекет басшысы президенттік республикаға ауысу конституциялық реформасының арқасында өкілеттігі арта түседі. Былтыр Түркия тұрғындары референдумда президенттік республикаға көшу реформасына дауыс берген болатын.