Жақында KeshYou тобының шымкенттік рэппер Ballerмен бірге түсірген музыкалық видеосы шықты. Жаңа композиция алдағы уақытта көрсетілетін «Сиситай» филмінің саундтрегі болып табылады. Продюсері Баян Алагөзова.
Бейнебаянды YouTube желісінде қазірдің өзінде 400 мыңнан артық адам қараған. Дегенмен ол көрерменнің барлығына бірдей ұнай қойған жоқ.Топ мүшелері бейнебаянға қатысты Ютубтағы @gakkutv арнасында түрлі айтыс-тартыс болып жатыр, сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес деп Instagram парақшасында жазды.
Caravan.kz медиа-порталының редакциясы Баян Алагөзованың жаңа клипі неліктен елге ұнамағанын анықтап көрді.
Көпшілік көрермен бейнебаянды жасағандарды плагиатттықпен айналысқан деп айыптады.
Көпшіліктің пікірі бойынша Алагөзова ұрлады деген композицияны тыңдап көрейік.
Бұл бейнебаянды бір миллиардтан артық адам көрген. Көрермендердің пайымдауынша, екі әннің атауы мен себептері тым ұқсас.
Кешью тобының әнінде қайырмасының әуені аталған компазицияға өте ұқсайды, дейді отандық музыканың фанаттары.
Пікір жазғандардың ойынша, отандық бейнебаянның хореографиясы толығымен мына бейнежұмыстан алынған. Ең қызығы Баян Алагөзова мұндай сыни пікірлерге әлі жауап берген жоқ.