Эсмигүл Куюлова Азия ойындарында дзюдодан қола жүлдегер атанты - kaz.caravan.kz
  • $ 496
  • 588.01
0 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Эсмигүл Куюлова Азия ойындарында дзюдодан қола жүлдегер атанты

Эсмигүл Куюлова Азия ойындарында дзюдодан қола жүлдегер атанты

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында дзюдодан 63 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Эсмигүл Куюлова қола жүлдегер атанды. 

  • 25 Қыркүйек 2023
  • 19
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

ҚР Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметінің 25 қыркүйек күнгі мәліметінше, медаль үшін күресте Эсмигүл Куюлова өзбек спортшысы Севинч Исокованы жеңді.

"Жеңіс оңай берілмейді, бірақ бүгін Эсмигүл жеңіске деген құлшынысын көрсетті. Оның алда үлкен жеңістер күтіп тұрғанына күмәнім жоқ", — деді ҚР Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев. 


Бұл – Қазақстан құрамасының осы Азиададағы дзюдо бойынша үшінші медалі. Кеше 48-ге дейінгі салмақтағы күмісті Абиба Абужақынова жеңіп алды, ал Мағжан Шамшадин 60 келіге дейінгі салмақта қола медаль жеңіп алды.