Эстрада жұлдыздарының Жапонияға көмек көрсету мақсатында Астанадағы қайырымдылық концерті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Эстрада жұлдыздарының Жапонияға көмек көрсету мақсатында Астанадағы  қайырымдылық концерті

Эстрада жұлдыздарының Жапонияға көмек көрсету мақсатында Астанадағы қайырымдылық концерті

Қазақстанның эстрада жұлдыздары зілзаладан зардап шеккен Жапонияға көмек көрсету мақсатында Астана қаласында қайырымдылық концертін береді.

  • 2 Маусым 2011
  • 557
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «Жапонияға жәрдем» комитетінен мәлім етті.

Кеше, «Жапонияға жәрдем» комитеті Алматыдағы Ұлттық баспасөз орталығында қайырымдылық қаражаттарды жинау бойынша жұмыс нәтижелерін жариялап, 5 маусым күні Астанадағы «Қазақстан» орталық концерт залында өтетін қайырымдылық концерт жайында айтып берді.

Концертке «Мұзарт», «Бәйтерек», «Дабл» топтары, Қыдырәлі Болманов, Қарақат, Маржан Арапбаева және тағы да басқа отандық жұлдыздар қатысады. Кештің жүргізушілері — Тұрсынбек Қабатов пен Ярослав Мелехин. Шараны ұйымдастырумен Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі, Астана қаласы әкімдігі және «Болашақ» қауымдастығы айналысуда.

Жиналған қаржы Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Елшілігі арқылы Жапонияның Қызыл крест қоғамына аударылатын болады.

«Жапонияға көмек көрсет» комитеті бірнеше қазақстандық және шетелдік ұйымдардың бастамашылығымен апат орын алғаннан кейін тез арада құрылды. Комитет жұмысының мақсаты тек қайырымдылық қаражаттарын жинау ғана емес сондай-ақ, Жапония қайғысына қазақстандықтардың ортақтастығынн білдіріп, екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарды нығайтуға септігін тигізу болып табылады.

Соңғы жаңалықтар