Этникалық қазақ Қырғызстан президенттігіне үміткер - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Этникалық қазақ Қырғызстан  президенттігіне үміткер

Этникалық қазақ Қырғызстан президенттігіне үміткер

Этникалық қазақ Қырғызстан  президенттігіне үміткер. Еркін Бөлекбаев көрші елдегі Жасылдар партиясы атынан бағын сынап көрмек.

  • 14 Шiлде 2011
  • 490
Фото - Caravan.kz

Оны «Бәкиев режимінің саяси тұтқыны»деп те атайды. Былтыр сәуірдегі төңкеріске дейін Бөлекбаев президенттің намысын аяқ асты етті деген айыппен бір жыл бойы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің абақтысында жатқан. Кейін билік ауысқанда Қаржы полициясын да басқарып үлгерді. Естеріңізге сала кетейік,  Қырғызстандағы президент сайлауы 30қазанға белгіленген. Қазір  сайлауалды науқанықызып тұр. Тақтан әзірге төрт кандидат үмітті. Қырғыздар елдің қазіргі премьер-министрі Алмазбек Атамбаевты Роза Отунбаеваның орнын басады деп жүр. Бірақ Еркін Бөлекбаев та саяси додада жеңіске жететініне сенімді.


Еркін Бөлекбаев
, Қырғызстан президенттігіне үміткер:

Жеңіске жетем деп  ойлаймын. Бүгін менімен сайлауға түскендерден кем емеспін. Олар Ақаев пен Бәкиевтің қалпынан шыққандар. Құдай бұйырса, жетем деп тұрмын.

Соңғы жаңалықтар