Бұл туралы өзінің қызы Айсәуле Бақытбектің YouTube бағдарламасында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Айсәуле анасынан Қазақстандағы әдемі жұптарды атап кетуді сұрады. Продюсер Ақан Сатаев пен Альмира Тұрсын туралы айтты.
”Ақан Сатаев пен Альмира Тұрсын. Екеуі өте әдемі жұп. Оларға қараған кезде, екеуінің қандай ғашық екенін көресің. Сырттан бәрі байқалып тұрады ғой”, — деді Баян Алагөзова.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы 26 жылдық некеден кейін Ақан Сатаев өзінің жары Назира Бақаевамен ажырасқан еді.
Сол уақытта режиссер ажырасуына байланысты былай деп пікір білдірген еді:
«Ажырасуда ешқандай жақсылық жоқ, бірақ өмір деген қиын. Кейде ажырасқаннан басқа амал қалмайды. Бізде де солай болды. Бірақ Назира екеуміз бұл жағдайда үлкен адамдарша қарадық. Ешқандай ұрыс та, түсінбестік те болған жоқ. Біз сөйлесіп, бәрін шешіп алдық.
Балалармен ажырасу жайлы сөйлестік. Ажырасқанымызбен, балаларымыздың әке-шешесі болып қала береміз. Біз бәрін ақылдасып, осындай шешімге келдік».