Бұл жөнінде олардың оқырмандары жарыса жазуда, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Жұлдызды жұп желіде бірінен кейін бірі күмәнді жазба салып, елді алаңдатып қойды. Олардың бірі: «Сүйгенді сүй, сүймегенге жалынба» деген жазба жазса, екіншісі анасына жазба арнап, енді ешқашан қателік жібермейтінін, анасын қалай да бақытты ететінін айтқан.
Көпшілік оларды ұрыс үстінде немесе ренжіскен, тіпті ажырасқан деп топшылауда. Олар: «Ұрысып қалғаннан саусыздар ма?!», «Сіздерге не болды? Көз тиді ме? Кезек-кезек қызық видео салып жатырсыздар», «Ажырасып кеткен жоқсыздар ма өзі? Ортада бала болғанда, ондайға бармайтын шығарсыздар» деп жазды олар.