Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
«Альбом шықты, клиптар шықты, концерт өтті. Енді не істерімізді білмей, күйеуіміз екеуміз бос қалдық.
Демалысқа кетіп қалайық десек, алда тур бар.
Шопинг жасайық десек, концертке дейін бәрін алып тастағанбыз. Әсіресе мен.
Кино, сериалдан да шаршадық.
Тек, шүкір, шүкір деп жатырмыз.
Идея айтыңыздаршы. Не істесек болады», деп жазды әнші.
Айта кетейік, бұған дейін Ерке Есмахан ел күтпеген мәлімдеме жасағаны туралы жазған болатынбыз.