«ЕХРО-2017» ғимараттары театрларға берілуі мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«ЕХРО-2017» ғимараттары театрларға берілуі мүмкін

«ЕХРО-2017» ғимараттары театрларға берілуі мүмкін

«ЕХРО-2017» ғимараттары театрларға берілуі мүмкін. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы айтты.

  • 22 Қыркүйек 2014
  • 380
Фото - Caravan.kz

«2017 жылы халықаралық көрме өтеді. Осыған байланысты біз бірқатар ұсыныс жасаған болатынбыз. ЕХРО өткізгеннен кейін босайтын ғимаратты біз мәдениет саласына беруді сұраймыз», — деді ол.

А.Мұхамедиұлының сөзіне қарағанда, халықаралық көрме өткеннен кейін босаған ғимараттарды Қ.Қуанышбаев және А.Чехов атындағы театрларға беруге болады.