«ЕХРО-2017» көрмесін өткізуге үміткерлер мәреге таяды
2012 жылдың 22 қарашада Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) 152-ші Бас Ассамблеясында ХКБ-ға 161 мүше-мемлекеттің жасырын дауыс беру жолымен ЕХРО-2017-ні өткізетін қала таңдалады. |
Оның қарсаңында 20 қарашада EXPO 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмені өткізуге үміткер-елдердің - Астана мен Льеж қаласы өкілдерінің баспасөз мәслихаты өтті. Бұл сайлау алдындағы науқанның қорытынды кезеңіндегі маңызы оқиға болды.
Қазақстандық өтінімді Премьер-министр орынбасары, EXPO 2017 Ұйымдастырушылық комитетінің төрағасы Қайрат Келімбетов және Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов ұсынды. Бельгияның атынан Льеж мэрі Вилли Демейер (Willy Demeyer) және ЕХРО 2017 Льеж көрмесінің бас директоры Жан-Кристоф Питеркен (Jean Peterkenne) қатысты.
EXPO 2017 Льеж көрмесінің Бас директоры Жан-Кристоф Питеркен өзінің сөзінде бельгиялық құжаттамалардың негізгі басымдылықтарын атап өтті: - EXPO көрмесі алғаш рет инфокоммуникациялық технологияларға арналатын болады. Осы тақырып ғаламшарда өмір сүретін адамдардың өмірін жақсарта алады. Тақырыптың өзектілігі мен әмбебаптылығы сөзсіз. Біздің өтінімге бүкіл бельгиялық қоғамдастық бір кісідей қолдау білдіруде, деп атап өтті ол.
Өз кезегінде Премьер-министр орынбасары, EXPO 2017 Ұйымдастырушылық комитетінің төрағасы Қайрат Келімбетов, үміткер Астананы таңдау қажеттілігі жөнінде баяндап өтті:
- «Біз неге ЕХРО 2017» көрмесін Астанада өткізу туралы шешім қабылдадық. Біріншіден, біздің еліміз егемендікті бар болғаны 20 жыл бұрын алғанын естеріңізге сала кеткім келеді. Осы аз ғана жылдың ішінде біз өз жетістігімізді паш етіп, орташа табысы бар жылдам дамушы елге айналдық», - деді Келімбетов.
Премьер-министрдің орынбасары атап өткендей, соңғы 15 жыл ішіндегі Қазақстанның жыл сайынғы ЖІӨ 7%-ға өсті. Бұл барлық ТМД елдері ішіндегі ең үздік көрсеткіш.
«Әрине, бұл бізге тек өз болашағымызды ғана емес, сондай-ақ бүкіл ел үшін біздің жауапкершілігіміз туралы ой толғау мүмкіндігін берді. Тәуелсіздікті алған сәттен бастап Қазақстан ең ірі ядролық полигонның қызметін тоқтатқан кезде, осындай ғаламдық жауапкершілікті өзіне жүктей алатынын дәлелдеді. Сөйтіп, біз ғаламдық қауіпсіздік саласындағы өз жауапкершілігімізді көрсетіп отырмыз», - деді Келімбетов.
«2010 жылы ЕҚЫҰ Саммитін өткізген болатынбыз. Басқа сөзбен айтқанда, Қазақстан осындай толық ауқымды іс-шараларды өткізуге қабілетті болып қана қоймай, сондай-ақ ғаламдық қауіпсіздік мәселелерінің қамын ойлауда. Біз болашақтағы мың жылдықты дамыту, тұрақты дамуға жету мақсаттары туралы ой толғаудамыз. Бұл идеялар бізге жақын. Қазақстан Президенті «жасыл көпір» атты бастаманы іске қосты және соңғы «Рио+20» конференциясында осы бастама өзінің өзектілігін дәлелдеді. Әңгімеміз Еуропада ғана емес, сондай-ақ бүкіл әлемдегі жасыл экономиканы дамыту жөніндегі еуропалық бастамашылдық туралы», - деп EXPO 2017 Ұйымдастырушылық комитетінің төрағасы атап кетті.
Еліміздің басымдылықтарын атай отырып: «Біз Ресей, Қытай және Үндістанмен көршілеспіз. 2,5 млрд. адам Астанаға келіп, «жасыл экономиканы» дамыту жайлы өз пікірлері мен ойларымен бөлісе алар. Менің ойымша, біздің ұсынысымыздың тақырыбы өзекті және тек Қазақстан үшін ғана емес, сондай-ақ көптеген өзге мемлекеттер үшін де аса маңызды. Астана - өте жас қала. 2017 жылы біздің астанамыз өзінің 20 жылдығын атамақ, бұл жылы Еуроодақтың 50 жылдық мерейтойы болмақ және Еуроодақтың күн тәртібін көптеген әлем елдерімен талқылауға мүмкіндігіміз болады», - деп К. Келімбетов қорытындылады.
Өзінің баспасөз құралдары өкілдеріне арнаған үндеуінде Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов үміткер-қаланың басымдылықтарын ерекшелеп өтті: «Астана - жасампаздық пен жастық шақ энергиясының белгісі болатын қала, 14 жыл ішінде астананың тұрғындар саны 2,4 есе өсті. Астананы көшірген уақыттан бастап өнеркәсіптік өндіріс көлемі 11 есе артты. Әлемдегі қиын жағдайға қарамастан, қаланың дамуына тартылатын инвестициялар айтарлықтай 30 есе артты. Нәтиже ретінде жалпы аймақтық өнім 90 есе артты».
Астана қаласының басшысы атап өткендей, егер 22 қараша күні өтетін дауыс беруде Астана жеңіске жетсе, қазақстандық тараптың алдында EXPO көрмесіне арналған үлкен аумақты жайландыру жұмысы тұр. «Құрылысқа инвестициялар тарту, өз инвестицияларымызды, мемлекеттік инвестицияларды салу бойынша белсенді жұмыстар алда тұр. Бұдан басқа, EXPO көрмесін өткізгеннен кейін Астанаға ендіретін бүкіл капиталды пайдалану сияқты үлкен міндет тұр. Бұл Қазақстанның ғана емес, сондай-ақ EXPO көрмесіне қатысатын мемлекеттердің де ғылым мен техникасының қазіргі заманғы жетістіктерін көрсететін, үлкен көрме кешені болмақ», - деді И.Тасмағамбетов.
Оның айтуынша, Астана қаласының әкімдігі жай ғана көрме орталығын емес, ғылыми зерттеулер орталығын жасауға тырысады. «EXPO көрмесін - бүгінгі күннің жетістіктері атты бір тақырып бойынша ғана өткізу - қорытынды мақсат емес. Негізгі мақсат- осы тақырып бойынша болашақта өте жақсы нәтижелер беретін, одан арғы зерттеулер жүргізуде», - деп, Қазақстан астанасының әкімі атап өтті.
Қорытындылай келе, Иманғали Тасмағамбетов дауыс беруде қандай да шешім шығарылмасын, барлығын қонақжай Астанаға шақырды.
Колумбиялық тілшінің, әрбір делегация қарсыласының қандай жақтарын жағымды ретінде танитыны туралы сұрағына, Бельгия делегаттары Халықаралық Көрмелер Бюросының Халықаралық мәртебесін алға тартып, Қазақстанның азиялық құрлықта орналасуы оның басымдылығы болып табылатынын атап өтті.
Қазақстан өз кезегінде, Бельгияның Халықаралық көрмелер өткізудегі тәжірибелігін, кемелдігін және саяси ауқаттылығын, басқа елдермен терең дипломатиялық қатынастарының барын атап өтті. Алайда, жеңілген жағдайда, Қазақстан үшін жасыл экономиканы дамыту маңызды болып қалады, ал ел аймақтағы болашақ энергиясын дамытудың бірегей орталығы болмақ.
Жалпы, EXPO 2017 өтінім науқанына қатысудан Қазақстан өз алдына көп нәрсе ашты. Астана кандидатурасын жылжыту бойынша науқанның бірнеше жылдары ішінде еліміз, сөзсіз, ХКБ-ның айтарлықтай барлық мүше-елдерімен дипломаттық және сауда-экономикалық қатынастарын орнатуда алға басты. Қазақстан өкілдері осы елдердің барлығына дерлік барып шықты. Тәуелсіз Қазақстанның бүкіл 20 жылдық тарихында мұндай бұрын-соңды болып көрмеген. Көптеген елдер, өтінім беру барысында Астана қаласына және Қазақстанның тағы бірқатар қалаларына барып, қалалық инфрақұрылымның даму деңгейі, қала халқының өмір деңгейі және жалпы, Қазақстан экономикасының даму деңгейі жөнінде жоғары пікірлерге ие болды.
Қорытындысында Астана мен Льеж өкілдерірі 22 қарашада болатын ЕХРО-2017 еөрмесі өткізілетін қаланы анықтайтын дауыс беру барысында бір-біріне сәттілік тіледі.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін