Екі әйел алып, 9 қызды алдап кеткен оралдық асаба халық алдына шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екі әйел алып, 9 қызды алдап кеткен оралдық асаба халық алдына шықты

Екі әйел алып, 9 қызды алдап кеткен оралдық асаба халық алдына шықты

27 жастағы Қасым Өтешов Орал өңірінде Хан лақап атымен танылған. Өзі әнші, асаба қызметін атқарады. Ол өткен өмірі үшін өкінетінін, елден кешірім сұрағысы келетінін айтты. 

  • 8 Ақпан 2019
  • 91
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы КТК арнасының “Астарлы ақиқат” бағдарламасына келді, деп жазды Stan.kz.

Қасым Өтешов 17 жасында мектеп оқушысын жүкті етіп қойған. Нұрдананың екіқабат екенін өзі әскерде жүргенде білген. Оған тек елге оралғаннан кейін бір жылдан соң үйленген. Екі қыздың әкесі атанған.

Кейіннен онымен ажырасып кеткен. Оған отбасылық келіспеушіліктер себеп болды, дейді өзі. Көп уақыт өтпестен Қасым басқа қызға ғашық болып, онымен отау құрған-ды. Бүгінде Нұрай есімді әйелден бір қыз, бір ұлы бар. Онымен екі жылдан аса тұрғаннан кейін тағы ажырасқан. Алайда осы уақыт аралығында Нұраймен заңды некеге тұрып үлгермепті. Екінші әйелімен қызғаныштың кесірінен ажырасып кеткенін айтады. Сөзіне сенсек, онымен сүйіп қосылғандықтан, оның айтқанына көнген. Тіпті, асабалықты тастап, күніне 3000 мың теңгеге жүк тасушы болып жұмыс істеген.

Бүгінде 4 баланың әкесі атанып отырған Қасым олардың алиментіне шамамен 4-5 миллион теңгедей қарыз. Және де “серінің” жүрістері мұнымен бітпейді.

Бағдарламаға хабарласқан Ақмаржан есімді қызылордалық қыз Қасыммен қарым-қатынаста болғанын айтты. Айтуынша, өзін Хан деп таныстырған жігіт оған үйленгенін де, балалары барын да ескертпеген.

“Бір күні Дамира, Нұрдана есімді әйелдер желіде чат ашып, сол жерде Қасым оңбаған деп неше түрлі жаман сөздер жазып тастады. Мен Ханға хабарласып, барлық жағдайды түсіндірдім. Ол менің қайда екенімді сұрады. Айтпай қойып едім, университетіме келді. – Шық, сені сол адамдармен кездестіремін, – деді. Қолында пистолеті бар. Оны дәлелдей аламын, бір бала қолынан алып қойды. Содан келіп мені де, Дамираны да қорқытты. – Егер менен кететін болсаң, сені де, Дамираны да, Нұрдананы балалармен атып өлтіремін, – деді. Бәріміз бірге өлеміз, деді”, – дейді Ақмаржан.

Бойжеткеннің сөзінше, Қасымға алданғандардың бірі Жаман есімді бикеш қазір жүкті. 2-3 айда сәбиін қолға алады. Сондай-ақ, ол тағы бір қыздың Қасымнан аяғы ауырлап, ақырында өзіне қол салғанын жайып салды. Алайда оралдық тамада мұның бәрін жоққа шығарды.


Бағдарлама соңында эфирге Қасымның бірінші әйелі Нұрдана қызымен бірге келді. Ол экс-жұбайының жүрістерінен, Нұрай, Ақмаржан, Дамира есімді қыздардан хабардар екенін айта келе, екі қызының әкесімен қайта қосылуға дайын екенін жеткізді. “Қызқұмар” асаба да бар қателігін кешіріп, түсіністік танытқан Нұрданамен қайта қосылуға біраздан бері ниеттеніп жүргенін айтты.

Бағдарлама соңында ол өзінің екі әйелі мен олардың ата-аналарынан кешірім сұрады.

Соңғы жаңалықтар