Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды Caravan.kz порталы.
Өткенде бір сьемкаға бардым. Менің алдымда әншілермен сұқбат болған болуы керек, әншілер киінетін бөлмеге, гримерлердің бөлмесіне келіп-кетіп жатты. Менің жанымдағы гримерныйға бір қазіргі хитовый әнші отырды. Жүрісі сұмдық енді. Ешкімге сәлем бермейді. Жан жағына әрең қарап тұр. Гример жас қыздар емес па, бәрі барып сәлемдесіп, суретке түсіп қарық боп жатыр. Мен айнаға қарап отырғам, бәрін көріп отырмын. Бұрылмадым. Сьемкадан шыққасын тағы бір әнші келіншекті көрдім. Қазір подписчиктері миллионнан асып жығылады. Бұрын құрақ ұшып амандасатын. Ерні ғана жыбырлайтын болып қапты. Кәдімгідей менсінбей тұр. Екі әнші де "фонограмма өшкен кезде" өшейін деп тұр. Дарынсыз, түрмен, пысықтықпен "әнші" боп алған әншілер. Шамаларын білем.
"Шіркін нан-аай…"- дедім ішімнен.
Дарындылар шықсыншы енді сахнаға. Болды ғой. Уақыты келген сияқты.
" Құрылғы нашар"- ол сылтау. Дәстүрлі әншілердің дауысы құрылғысыз-ақ жер жарады ғой осы?
Еске салсақ, осы аптада мәжілісте қолданыстағы мәдениет туралы заңға өзгеріс енгізіліп, қабылданған болатын. Оған еліміздің бірқатар әншілері түрлі пікір білдірді. Көпшілігі оның дұрыс екенін баса айтты.
Мәдениет саласына арналған жаңа заң жобасында әншілерді дөрекі мінез көрсеткені үшін жауапқа тарту қарастырылған. Бұған қоса әрбір өнер иесі фонограммамен ән айтатынын ескертуі тиіс.
"Барлық жарнамалық өнімде және кассалар жанында міндетті түрде концерт фонограммамен өтетіні туралы хабарлама болады. Тыңдарманға фонограммамен өтетін концертке билет сатып алу немесе бас тартуға мүмкіндік беріледі. Мұндай концерт билетінің құны да төмен болады", — деді Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова парламент мәжілісінің жалпы отырысында.