Екі «Ауди» көлігінің соқтығысуынан төрт адам қаза тауып, алтауы ауруханаға жеткізілді - ҚР ТЖМ
Алматы облысында «Алматы-Өскемен» тас жолының 483-ші шақырымында бейсенбі күні кешке екі «Ауди» көлігі соқтығысты, деп хабарлайды ҚР ТЖМ. Жол апатының салдарынан көліктердің бірінің жүргізушісі мен 24,20 және 42 жастағы үш жолаушы оқиға орнында мерт болды. Арасында 2 және 5 жастағы екі бала бар алты адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. ТЖ орнына ҚР ТЖМ «АМО» ММ-нің 3 адамы мен 1 техника бірлігі шықты. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін