Екі аяғынан айырылған Алматы облысының тұрғыны жүкті әйелін дәрігерлерге неге қарата алмай жүр? - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екі аяғынан айырылған Алматы облысының тұрғыны жүкті әйелін дәрігерлерге неге қарата алмай жүр?

Екі аяғынан айырылған Алматы облысының тұрғыны жүкті әйелін дәрігерлерге неге қарата алмай жүр?

Алматы облысында тұратын еліміздің азаматына тұрмысқа шыққан өзбекстандық Гүлзира Өтемісова жүктілігінің 7-айлығына қарамастан әлі күнге дейін дәрігерлердің бақылауынан өте алмай жүр.

  • 24 Қазан 2017
  • 10644
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады. Оған себеп жеке басында Қазақстан азаматтығының болмауы екен. Ал ақылы медициналық орындарға баруға жағдайлары жар бермейді.

Жолдасы Алматы облысы Алакөл ауданы Достық бекеті тұрғыны Сәкен Сәтпаев 1-топтағы мүгедек. Тағдыр тәлкегімен екі аяғынан да айырылған ол протезбен жүреді. Олардың отбасы құрғанына бір жыл болған. Айтуларынша, әйелінің азаматтық алуы үшін сан мәрте барлық құжат атаулыны тапсырған. Бірақ әлі күнге дейін шешім шықпаған.

«Бізге неке туралы куәлік болса, тез бітеді деген. Ақпан айында неке куәлігін алдық. Көші-қон қызметіне барлық құжатты өткіздік.Сотталмағаны туралы анықтама, елшіліктен сұратқан қағазын да әкеліп бердік. Шекарадан кіріп-шықты деген қағаз керек екен. Әйелім шілде айында оны да әкеп берді»,- дейді Сәкен Сәтпаев.

Әйтседе, дәл уақыт тақалған кезде көші-қон қызметкерлері шекарадан ары-бері өткені жайлы құжатты тағы да сұратып отырған көрінеді. Алдыңғысының мерзімі өтіп кеткен. Енді қайтадан баруға олардың мүлдем жағдайлары жоқ. Олар құжаттың мерзімін өздері өткізіп алып енді қайта сұрап отыр, деп күйінеді.

«Биыл жинаған басқа құжаттардың да мерзімі желтоқсан айында бітеді де, жарамсыз болып қалады. онда мен бәрін қайтадан бастап жинау керекпін. Оған мен өзім мүгедекпін. Әйелімнің аяғы ауыр. Қайта жинауға шамам жоқ», — деді С.Сәттпаев.


Айы-күні жақын қалған Гүлзира болса дәрігерлер дұрыс қарамаса алдағы күні балама не болады деп алаңдап отыр.Ал өзбек-қазақ шекарасына қайта баруға ендігі денсаулығы да жарамайды.

Ал көші-қон полициясындағылар бұл жағдайдан хабардар екендіктерін айтады.

«Миграциялық карточкасының мерзімі өтіп кеткен.Ол Өзбекстан азаматтарына бір айға ғана беріледі. Біз оны автоматты түрде соза алмаймыз. Ол кісінің аяғы ауыр. Заңды түрде соттан өткізіп, айыппұл салайын деп жатқан жоқпыз. Оларға тек шекарадан өтіп миграциялық анықтамысының мерзімін ұзартып, уақытша тіркелу керек. Басқа құжаттары дұрыс»,- деді Алакөл ауданына қарасты көші-қон полициясының бастығы Қуандық Шәріпханов.

Барлық құжаттар дұрыс болған жағдайды алдымен үш ай ішінде ыхтиярхат алып, одан кейін тағы үш ай мерзім аралығында азаматтық алуға мүмкіндік бар екен.