Екі баланы қағып өлтірген көлік жүргізушісі сегіз жылға сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екі баланы қағып өлтірген көлік жүргізушісі сегіз жылға сотталды

Екі баланы қағып өлтірген көлік жүргізушісі сегіз жылға сотталды

Алматыда жарты жыл бұрын жеті жасар екі баланы қағып кеткен «БМВ» көлігінің жүргізушісі сегіз жылға бас бостандығынан айырылды.

  • 8 Маусым 2011
  • 436
Фото - Caravan.kz

Естеріңізде болса, жол-көлік апаты 4-ші қаңтар күні Алматының Жетісу ауданында орын алған еді. Бірінші сыныпта оқитын екі бала өз үйлерінің маңында ойнап жүріп, көлік астына түскен болатын. Жердің тайғақтығына және жылдамдықты азайту белгісіне қарамастан «БМВ» қатты жүріп келе жатқан.

«Өкінішке орай, балалар жедел жәрдем көмегі жетпей көз жұмды. Олар өте қатты соққы алған. «БМВ» көлігінің жүргізушісі балаларға көмектесуді ойламастан, ол жерден ізін суытқан. Автокөлік бөлшектерін тапқан криминалистер жасырынған көліктің маркасы мен түсін анықтады. Сол кезден бастап ЖПБ инспекторлары алған айғаққа байланысты Алматыдағы «БМВ» көліктерін тексере бастады және қашқын жүргізушіні құрықтады», -дейді Алматы қаласы ІІД-нің Жол полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Мұхтар Түсіпов.

25 жасар Вадимнің күнәсі тергеу жұмыстары бойынша толықтай дәлелденді. Тергеу барысында ол балалардың аяқ астынан шыға келгендігін алға тартып және жауапкершілікке тартылудан үрейленіп, оқиға болған жерден бас сауғалағандығын айтып ақталмақ болған.

«Сот жүргізушінің рульге отырмас бұрын барлық қауіпсіздікті ескеру керектігін, соның ішінде қалада өз көлігін бақылай алатын төмен жылдамдықпен жүру керектігін назарға алды. Оған қоса «БМВ» көлігі жүру бағытына қарсы жүрген. Қайтыс болған балалардың ата-анасы кінәліні қатаң жазалауды талап етті», -дейді ІІД-нің баспасөз қызметінің бастығы, полиция капитаны Салтанат Әзірбекова.

Соңғы жаңалықтар