Қайғылы оқиға 5-қаңтар күні кешке болған. Оқиға туралы ақпарат полицияға 18 сағат 35 минутта түсті. Шақыру бойынша келіп жеткен полицейлер пәтерден 25 жастағы әйел, 6 жастағы бала мен омыраудағы сәбидің мәйіттерін тауып алды. Олардың барлығы да пышақ жарақатынан өлген екен. Үш бірдей адамды өлтіріп, өзі терезеден секіріп кеткен елірме еркек жедел жәрдем көлігі жеткенше көз жұмды.
Баспасөз қызметінен хабарлағанындай, жарыместік дертке шалдыққан әлгі еркек облыстағы психиатриялық бірлестікте тіркеуде тұрса керек.