Ресей Федерациясының астанасында біздің спортшыларымыз 2 алтын 2 күміс алды, деп хабарлайды Қызылорда облыстық әкімдігінің сайты.
Турнирге Ресей, Қазақстан, Украина және Беларусь елдерінен барлығы 15 команда қатысқан. Қазақстаннан Қызылордалық боксшылар барлығы 6 спортшы қатысты. Оның екеуі ұлттық құраманың сапындағы боксшылар. Олар: 75 кг салмақ дәрежесінде Рустам Сыбаев пен 91 кг салмақ дәрежесінде сынға түскен Қамшыбек Қонқабаев. Сонымен қатар, құрамада Бағдат Уайдаев — 60 кг және 52 салмақ дәрежесінде ойын көрсеткен Баққожа Инатуллаев бар. Бұдан басқа 49 кг салмақта Дәулет Дәуітов пен 91 кг салмақта Темірлан Өтегендер де бар.
Турнир қорытындысы бойынша Рустам Сыбаев пен Қамшыбек Қонқабаевтар алтыннан алқа тақты. Қызық болғанда, біздің екі боксшымыз да ресейлік спортшыларды нокаутпен жеңді. Ал, Бағдат Уайдаев пен Баққожа Инатуллаев финалдық бәсекеде жеңіліп қалып, күміс медальді қанағат тұтты.
Жеңімпаздарымызды 2 дүркін олимпиада чемпионы, Кеңес Одағының даңқты боксшысы Борис Лагутин марапаттады. Қызылордалық бокс құрамасы қазақстан чемпионатына 26 қарашадан бастап дайындалады.
Боксшыларымызды Мәскеудегі халықаралық турнирге ҚР еңбегi сiңген жаттықтырушысы Ғалым Байғұндаев дайындады.
Рустам Сыбаев
Қамшыбек Қонқабаев

