Екі дастарқандасын атып өлтіріп, үйді өртеп жіберген тұрғын ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екі дастарқандасын атып өлтіріп, үйді өртеп жіберген тұрғын ұсталды

Екі дастарқандасын атып өлтіріп, үйді өртеп жіберген тұрғын ұсталды

Қарағанды полицейлері екі адамды өлтірді деген күдікпен 27 жасар жергілікті жердің тұрғынын ұстады.

  • 14 Қараша 2012
  • 319
Фото - Caravan.kz

Бұл жайында ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметтерінде хабарланған.

Қараша айының басында өртеніп кеткен үйдің орнынан денелерінде зорлық-зомбылық белгілері бар 39 жастағы жеке кәсіпкер мен 37 жастағы Өзбекстан азаматының мәйіттері табылған болатын.

Ұсталған азамат істеген қылмысын толығымен мойындай отырып, үйде үшеуі ішімдік ішіп отырғанда жәбірленуші екеуінің арасында жанжал туындағанын айтқан. Масайып қалған күдікті үй иесінің аңшы мылтығымен екі дастарқандасын да атып өлтіріп, қылмысының ізін жасырмақ оймен үйді өртеп жіберген.

«Қазіргі таңда екі адамды өлтіргенін толығымен мойындап отырған азамат қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасуда»,-делінген таратылған мәліметтерде.

Соңғы жаңалықтар