Екі көліктің арасына түсіп қалған самосвалдың жүргізушісі алған жарақаттардан мерт болды
Ақмола облысының Ерейментау қаласындағы Сары Адыр көмір разрезіндегі «Он Олжа» ЖШС-де жексенбі күні таңертең «HOWO» карьерлік самосвалының 29 жастағы жүргізушісі артында тұрған самосвалды соғып кетті, деп хабарлайды ҚР ТЖМ. Соның салдарынан екінші самосвалдың 33 жастағы жүргізушісі екі көліктің арасында қысылып қалып, алған жарақаттардан оқиға орнында мерт болды. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін