Екі күннен кейін шағын футболдан Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде ойнайтын ұлттық құраманың тізімі жарияланады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екі күннен кейін шағын футболдан Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде ойнайтын ұлттық құраманың тізімі жарияланады

Екі күннен кейін шағын футболдан Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде ойнайтын ұлттық құраманың тізімі жарияланады

Екі күннен кейін Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде ойнайтын Қазақстанның ұлттық құрамасының ресми тізімі жарияланады.

  • 25 Ақпан 2013
  • 331
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында шағын футболдан Қазақстан құрамасының жаңадан тағайындалған бас бапкері Рикардо Камара Собрал айтты.

Какау деген атпен танымал бразилиялық бұл маман бұған дейін Директорлар кеңесінің қабылдаған шешімі бойынша «Қайрат» шағын футбол клубына бас бапкер болып тағайындалған болатын. Енді оған ұлттық құраманың да тізгіні сеніп тапсырылып отыр.

«Біз әлемге жеке клубты емес күллі Қазақстанды көрсетеміз. Сондықтан Чехиядағы үлкен тәжірибемді Қазақстанда жалғастырғым келеді. Екі күннен соң ұлттық құрама ойыншыларының ресми тізімі жарияланады», — деді Рикардо Камара Собрал.

Ол 2009 жылға дейін алматылық «Қайраттың» құрамында 5 жыл өнер көрсетіп, Қазақстан чемпионаты мен кубогында бірнеше дүркін жеңімпаз атанды, УЕФА кубогының қола жүлдегері болды. 2009 жылы Чехияның «Эра-Пак» командасына ауысқан ол, Чехия чемпионы болып, 2011 жылдан бері бапкер-ойыншы және Чехия құрамасының екінші бапкері болып жұмыс жасап келген еді.

Оның пайымдауынша, Қазақстанда жақсы ойыншылар бар. Енді тек Испания, Бразилия сияқты елдердің ойын тәжірибесін меңгеру қажет. Латвияның Елаве қаласында 27-30 наурыз күндері өтетін 2013/2014 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде нәтижелі ойын көрсетуге Қазақстанның мүмкіндігі бар. Онда қазақстандықтар алаң қожайындарынан бөлек, Ресей және Румыния құрамаларымен бір топта өнер көрсетпек.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера