Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Біз қазір Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ақтерек ауылындамыз. Мұнда қараңыздаршы қаншама есек десек те, ешек десек те толып жүр. Мына жерде 2500 мың есек бар екен. Мұнда өліп жатқандары да бар. Мұнау не сұмдық? Мынаны ешкім тексермей ме? Қадағаламай ма? Мынау деген сұмдық. Міне мұнда ешек өлген, иісін айта алмаймын. Бұл есектерге неге, не үшін ұстайтындарын білмеймін. Дүкеннен ет алуға қорқатын болдық қой.»,- деді журналист.
Видеоны көргендер расында да мыңдаған есекті кім, не үшін асырап отыр деген сауал тастады. Біреулер мұны қытатйларға сатады десе, енді бірі ет комбинаттарына немесе дүкендерге өтіп кетіп жатқан жоқ па деп күмәндануда.