Екі орынбасары парамен ұсталған Қостанай қаласының әкімі орнын босатты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екі орынбасары парамен ұсталған Қостанай қаласының әкімі орнын босатты

Екі орынбасары парамен ұсталған Қостанай қаласының әкімі орнын босатты

Қостанай әкімсіз қалды. Бір ай бұрын екі бірдей орынбасары парамен ұсталған қала әкімі Ахметбек Ахметжановтың енді өзі орнын босатты.

  • 9 Қыркүйек 2015
  • 405
Фото - Caravan.kz

Алдыңғы қос орынбасарының бірі Мақсұт Қалиев 13 миллион теңге, екіншісі Фрунзик Аракелян 300 мың теңге пара алғаны үшін айыпталып жатыр. Ал бұл жолы қала әкімі істі болғаннан емес, қызметтен өз еркімен кетіп бара жатыр екен. Бірақ шенеуніктің мұндай қадамға баруына не түрткі болғаны айтылмай отыр. Әзірге белгілісі, Ахметжановтың қала әкімі орынтағына жайғасқанына бір жылдан енді ғана асқан.

Әсия Аймағамбетова, Қостанай облысы әкімінің баспасөз хатшысы


Бүгін облыс әкімі Нұралы Мұстафаұлының үкімімен Қостанай қаласының әкімі Ахметбек Ахметжанов қызметінен босатылды. Қала әкімі қызметін уақытша атқарушы ретінде кәсіпкерлік және өнеркәсіп, сондай-ақ, экономика мәселелері бойынша орынбасары болған Қайрат Сәндібеков тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар