Алдыңғы қос орынбасарының бірі Мақсұт Қалиев 13 миллион теңге, екіншісі Фрунзик Аракелян 300 мың теңге пара алғаны үшін айыпталып жатыр. Ал бұл жолы қала әкімі істі болғаннан емес, қызметтен өз еркімен кетіп бара жатыр екен. Бірақ шенеуніктің мұндай қадамға баруына не түрткі болғаны айтылмай отыр. Әзірге белгілісі, Ахметжановтың қала әкімі орынтағына жайғасқанына бір жылдан енді ғана асқан.
Әсия Аймағамбетова, Қостанай облысы әкімінің баспасөз хатшысы
-
Бүгін облыс әкімі Нұралы Мұстафаұлының үкімімен Қостанай қаласының әкімі Ахметбек Ахметжанов қызметінен босатылды. Қала әкімі қызметін уақытша атқарушы ретінде кәсіпкерлік және өнеркәсіп, сондай-ақ, экономика мәселелері бойынша орынбасары болған Қайрат Сәндібеков тағайындалды.
Loading...