Екі қазақстандық теннисші Almaty Womens халықаралық турнирінің ширек финалына шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екі қазақстандық теннисші Almaty Womens халықаралық турнирінің ширек финалына шықты

Екі қазақстандық теннисші Almaty Womens халықаралық турнирінің ширек финалына шықты

Екі қазақстандық жас спортшы Залина Хайрудинова мен Анна Данилина теннистен әйелдер арасында өтіп жатқан Almaty Womens халықаралық турнирінің ширек финалына шықты,

  • 20 Қазан 2011
  • 449
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды ҚР теннис федерациясының ресми сайты.

Ширек финалға арналған жолдаманы сарапқа салу кезінде Залина Хайрудинова ресейлік теннисші Екатерина Пушкареваны 6:3,6:4 есебімен жеңді. Өз кезегінде Анна Данилина отандасы Екатерина Клюеваны 6:3, 6:1 есебімен екі сетте тізе бүктірді.

Бүгін Алматыда ширек финалдық кездесулер өтеді. Онда Зарина Хайрудинова Ресей елінің келешегінен зор үміт күттірер теннисші Полина Родионовамен ракетка айқастырмақ.

Анна Данилина турнирдің бірінші нөмірі өзбекстандық Влада Екшибароваға қарсылас атанбақ.

Сонымен қатар бүгін корт алаңына ресейлік қос спортшы Александра Артамонова мен Анна Смолина, турнирдің екінші нөмірі Екатерина Яшина мен Қырғызстан елінің намысын қорғап жүрген Бермет Дуванаева өзара мықтыны анықтайды.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера