Екі шымкенттік нотариус жауапкершілікке тартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екі шымкенттік нотариус жауапкершілікке тартылды

Екі шымкенттік нотариус жауапкершілікке тартылды

Оңтүстік Қазақстан облысында құзыретті органдарға ірі мөлшердегі мәміле жасалғандығы туралы дер кезінде хабар бермеген нотариустар тұңғыш рет жауапкершілікке тартылды, деп Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Гүлмира Қыдырбаева мәлім етті.

  • 31 Мамыр 2011
  • 772
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, нотариустер «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» ҚР заңын бұзғаны үшін әкімшілік жазаға тартылды.

«Ол нотариустер құзыретті қаржы органдарын Т40 млн-нан асатын барлық мәмілелер туралы дер кезінде хабарлап отыруға міндеттеді», — деп түсіндірді судья.

Биыл әділет департаменті бірден осындай екі факті бойынша әкімшілік өндіріс қозғап, айыптыларды жазалау үшін материалдарды Шымкенттің мамандандырылған әкімшілік сотына жіберді

«Ж.М. деген жеке нотариус ғимарат пен оған тиесілі жер учаскесін жеке тұлға мен «Бенеттон риал истейт» ЖШС арасында Т352,8 млн сомаға сату-сатып алу келісімшартын куәландырған. Бірақ бұл мәміле туралы ҚР қаржы министрлігінің қаржылық мониторинг жөніндегі комитетіне дер кезінде хабарламаған. Оны тек бір ай өткен соң хабарлаған», — деп түсіндірді Г. Қыдырбаева.

Сот нотариусты айыпты деп танып, 200 АЕК — яғни Т302 мың 400 теңге мөлшеріндегі айыппұл салды.

Сол сияқты ірі мәміле туралы К.Б. деген нотариус те кеш хабарлап, тиісті жазасын алды. «Ол «Байджи» ЖШС (BAYGE) және ТОО «Вета International» арасында Т 46 млн 449 мыңға жер учаскесі мен ғимаратты сату-сатып алу мәлілесін куәландырған», — деді Г. Қыдырбаева

Соңғы жаңалықтар