Исламның неліктен қатыспайтыны белгілі. Елімізге танымал спортшыны жақында Теміртауда белгісіз біреулер пышақтап кеткен еді. Қуанышқа қарай, Исламның денсаулығы түзеліп келеді. Бапкерлері оның енді бір-екі айдан соң құлан-таза айығып, қатарға қосылатынын айтты.
Ал Елдос Сметов Алматыда өткен «Гран-При» турнирінде өкшесін жарақаттап алған болатын. Сол жарақаты әлі жазылмаған соң, бапкерлер қауымы талантты дзюдошыны ел чемпионатынан босатты.