Жарияланды: 460

Екі тәртіп сақшысы оқиға орнында мерт болды

Ақтөбе облысында полиция қызметкерлеріне шабуыл жасалды. Қастандық салдарынан 2 тәртіп сақшысы оқиға орнында мерт болды.

Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің аға инспекторы:

- Бейтаныс тұлғалар келіп, қызметтік автокөлікке оқ жаудырған. Сосын оқиға орнынан бой тасалаған.  Нәтижесінде екі полиция қызметкері Нұрлан Алпысбаев және Боранбаев оқиға орнында көз жұмды.

Оқиға түнгі 12-лер шамасында Ақтөбе облысы Темір ауданының Шұбарши елдімекенінде болды. “Мitsubishi Delica” көлігіне мінген белгісіз 3 адам тәртіп сақшылары отырған көлікті оқтың астына алған. Қаскөйлер бірден ізін суытыпты. Қылмыс орын алған жерден атылған оқтың гильзалары ғана табылған. Қазір шұғыл іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Полиция қандай да бір болжам жасауға ертедейді. Ал қызметте жүріп қаза болған Нұрлан Алпысбай мен Айдос Боранбаевтың артында  екіден баласы қалды. Өңір басшылығы олардың отбасыларына бір миллион теңгеден материалдық көмек көрсетпек. Ал қаскөйлерді іздеуге авиацияның да көмегі тартылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін