"Екі-үш күн өмірім қалды деген": Жүрсін Ерман отандық дәрігерлердің ауруханадан шығарып жіберген күндерін еске алды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Екі-үш күн өмірім қалды деген": Жүрсін Ерман отандық дәрігерлердің ауруханадан шығарып жіберген күндерін еске алды

"Екі-үш күн өмірім қалды деген": Жүрсін Ерман отандық дәрігерлердің ауруханадан шығарып жіберген күндерін еске алды

Айтыс өнерінің ұйымдастырушысы, ақын Жүрсін Ерман ауыр дертпен қалай күрескенін есіне алды.

  • 14 Қараша
  • 190
Instagram/1001 түн

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Ақынның сөзінше, дерттен айығуына Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көмектескен. Президенттің өзіне жасаған жақсылығын “1001 түн” бағдарламасында айтты.

“Мені құртқан – қант. Оның қайдан келгенін кім біледі?! Қатты ауырдым. Алматыдағы беделді ауруханада емделдім. Мені қарап жүрген дәрігер аяқты кесу керегін айтты. “Бұлай жасамасақ болмайды, өліп қаласың” деді. Адамның аяғын кесу оңай ма?! Қоймай шетелге барып келемін деп шештім. Швейцарияға кетіп қалдым. Ол жақта құдам бар. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры. Олар мені қарап, аяқты кесудің қажеті жоқ екенін айтты”, – деп әңгімесін бастады ақын.

Отандық дәрігерлер өмірінің екі-үш күні ғана қалды деп ауруханадан шығарып та жіберген.

“Швейцарияға бару оңай болған жоқ. Президентім Қасым-Жомарт Тоқаев “барып емделіп кел” деп көп ақша берді. Оны былай өзі айтпайды. Бірақ мен ішімнен білемін. Риза болып тұрмын. Солай аяғымды кестірмей, қайтып келдім. Бір күні ауруханадан екі-үш күні қалды деп шығаратын болды. Қыздарым қарап, шөптермен емдеп, аман алып қалды. Халықтың да қолдауы дем береді”, – деп жан сырын ақтарды ақын.